Құрылтай сайлауы өңірдегі саяси плюрализмді дамытады - Саясаттанушы
Қазақстандағы Құрылтай сайлауы елдегі саяси жүйені жаңғыртып, демократиялық үдерістердің нығаюына ықпал етеді.
Бразилиялық саясаттанушы, «Каса Политика» компаниясының бас директоры Марсио Коимбра, елдегі саяси науқанға қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, жаңа жүйе заң шығару үдерісін оңтайландырып, бюрократиялық кедергілерді азайтып, мемлекеттік шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сарапшы Құрылтай сайлауы өңірдегі саяси бәсекелестікті дамыту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Марсио Коимбра, саясаттанушы:
- Елде ресми тіркелген жеті саяси партия сайлауға қатысып, сайлауалды науқанда өз идеяларын ұсынып, экономикалық даму және мемлекеттік басқаруды жаңғырту мәселелерін талқылап жатыр. Бұл партиялардың ашық бәсекелесуіне және азаматтардың саяси өмірге қатысуына мүмкіндік береді. Меніңше, осындай институттардың нығаюы және саяси тұрақтылықтың артуы инвестиция тартудың маңызды алғышарттарының бірі. Демократиялық үдерістерді бақылаумен айналысатын институт ретінде біз Астанадағы осы процестің алдағы дамуын да мұқият қадағалаймыз.