Құрылтай сайлауы: сарапшы пікірі
Құрылтай сайлауы Қазақстан тарихындағы және елдегі демократияның дамуындағы маңызды бетбұрысты кезеңді айқындайды.
Корея Республикасының Қазақстандағы экс-елшісі Ким Тхэ Шиктің пікірі осындай. Оның сөзінше, Парламентте жүргізіліп жатқан реформа жоғары өкілді органның жұмыс тетіктерін оңтайландыруға және оның кәсібилігін арттыруға ықпал етеді. Айта кету керек, Оңтүстік Корея 1962 жылдан бері бір палаталы парламенттік жүйені ұстанып келеді. Нәтижесінде мемлекет әлемдегі демократиялық дамудың үлгілі модельдерінің бірін қалыптастыруда және экономикалық дамуды қамтамасыз етуде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Осы орайда Ким Тхэ Шик Қазақстан мен Оңтүстік Корея ұқсас даму жолымен келе жатқанын атап өтті.
Ким Тхэ Шик, Корея Республикасының Қазақстандағы экс-елшісі:
- 2017-2020 жылдары Корея Республикасының Елшісі қызметін атқарып жүргенде Қазақстанның даму барысын мұқият бақыладым. Менің ойымша, осындай үйлесімді жетістіктерге мемлекет өз халқының жанқиярлығы мен жоғары жауапкершілік сезімінің арқасында қол жеткізді. Осы сайлаудың нәтижесінде Парламент атауы «Құрылтай» деп өзгереді. Меніңше, бұл қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін жаңғырту тұрғысынан ерекше маңызға ие.