ОСК халықаралық ынтымақтастықты нығайтады
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік сайлау органдары басшыларымен екі жақты кездесулер өткізді.
Молдова өкілі Анжелика Караманмен кездесуінде Қазақстанның сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер талқыланды. Үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорындар мен вахталық кенттерде сайлау учаскелерін ашу мәселесі сөз болды. Өзбекстандық әріптесі Зайниддин Низамходжаев комиссия төрағасына сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты бірқатар сауалын қойды. Маңызды шара жайлы азаматтарды ақпараттандыру, заманауи коммуникация әдістерін қолдану мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл күні сонымен қатар Түркия Жоғары сайлау кеңесі, Тәжікстан және грузиялық тараптармен кедесулер өтті.