Президент бастамасымен «Е-Parliament» ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр

Заң шығару қызметінің сапасын арттырып, жемқорлыққа себеп болар жағдайлардың алдын алу үшін жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға болады. 

Құрылтайдың алдындағы міндеттерді тізіп берген Президент осылай деді. «Әрине, озық технологиялар кәсіби құқықтық сараптаманы алмастыра алмайды. Алайда технологияны сауатты пайдалану арқылы талдау жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Депутаттар осы мүмкіндікті ұтымды қолдануы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазіргі таңда Президент бастамасымен «Е-Parliament» ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл жүйе кез келген түйткілді заң арқылы алдын ала реттеуге мүмкіндік бермек. Мемлекет басшысы осы ретте құзырлы органдарға депутаттармен бірлесіп, осы платформаны Құрылтай қызметіне тезірек бейімдеуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз: