Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды
Депутаттар Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың үш орынбасарын сайлады, деп хабарлайды «24KZ».
«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.
Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар ұсынылған кандидатураларды қолдады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз