Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «24KZ».

Ержан Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

 Еңбек жолын журналистика саласында бастап, «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Egemen Qazaqstan» сияқты іргелі басылымдарда тілші болып жұмыс істеді.

 2008-2011 жылдары «Ана тілі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін «Egemen Qazaqstan» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.

 2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

 2019 жылы Президенттің Баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болды. 2021-2023 жылдары Мемлекеттік кеңесші Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

 2023 жылдан бастап Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары қызметінде болды.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: