Президент Малайзия премьер-министріне жеделхат жолдады

Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдап, елінің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ ортақ күш-жігердің арқасында екі жақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген.

Сондай-ақ оқыңыз: