Қазақстан бір палаталы Құрылтай құрып, жаңа басқару жүйесіне көшті

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру процесі жүріп жатыр. Жаңа Конституцияның қабылдануы биліктің жаңа институттарын қалыптастыруға жол ашты. 

Әзербайжандық саясаттанушы Фархад Мамедов осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл – жаңа дәуірдің бастауы. Елде бір палаталы Құрылтай құрылды. Заң шығарушы орган ресми түрде жұмысын бастады. 145 депутат партиялық тізім бойынша бес жыл мерзімге сайланды.

Фархад Мамедов, саясаттанушы:

- Осы жаңа мүмкіндіктерге сәйке қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Парламент құрылып, Құрылтай сайлауы өтті. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекеттілігінің жаңа дәуірін сипаттайды. Егер мемлекеттік жүйенің өзі тиімділікті арттыру мақсатында реформаланып отырса, онда біз тек жақсы нәтижелерді күтеміз.

Сондай-ақ оқыңыз: