Елде 13,5 млн га жер қайта бөлінді

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13,5 млн гектар жер қайта бөлінді. Яғни ел көлемінде 5,5 млн гектар жайылым ретінде халыққа берілсе, тағы 8 млн гектар тауар өндірушілерге конкурс негізінде тапсырылды. Жалпы 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,5 млн гектар жер қайтарылды.

Бұл жұмыстар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген тапсырмасы шеңберінде жүзеге асып отыр. Сонымен қатар қазір бос жатқан алқаптар ғарыштық мониторинг және геоаналитика арқылы анықталады. Ал өндірістік процесте жасанды интеллект пен цифрлық жүйелер қолданылады. Дәлірек айтсақ, ресурстарды басқару және селекциядан бастап, егістіктің жай-күйін бақылау, шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға дейінгі жұмыстар жаңашыл технология арқылы іске асады. 

Сондай-ақ оқыңыз: