Премьер-Министр Алматы облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Президент Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Оның кандидатурасын  мәслихат депутаттары қолдады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл қызметке екі үміткерді ұсынған: бірі бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, екіншісі Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев.

Осы ұсыныс бойынша арнайы жиын өтіп, 178 мәслихат депутаты дауыс берді. Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын 83%-ы қолдады . Премьер министр Олжас Бектенов Алматы облысының активіне жаңа әкімін таныстырды. Ал бұрын осы лауазымда болған Марат Сұлтанғазиевке өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыз: