БРИКС: Қ. Тоқаев бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті
Мемлекет басшысы Брикс саммиті аясында Ресей президентімен, Малайзия және Вьетнам елдерінің премьер-министрлерімен, Бурунди президентімен, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры және Таиланд премьер-министрінің орынбасарымен аз-кем әңгімелесіп, түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.