Қытайдағы елшілікте Ту төмен түсірілді

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен барлық консулдықтың ғимаратындағы Мемлекеттік ту төмен түсірілді.

 Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты дипломатиялық өкілдіктерде көңіл айту кітабы ашылды. Сонымен қатар хаттар қабылдайтын электронды пошта да жұмыс істеп тұр. Қытайда тұрып жатқан отандастарымыз, жергілікті саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, студенттер, дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері қайғыға ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: