Қорғаныс министрлігіндегі істерді тексеру үшін комиссия құрылды
Мемлекет басшысының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды «24KZ».
Комиссияға Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева жетекшілік жасайды. Оның құрамына Жоғары аудиторлық палата, Президенті Әкімшілігі, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және Қаржы министрлігі сынды мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары кірді. Олар жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижесін жеті күн ішінде баяндауға міндеттелді.