Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тарту бойынша көшбасшылығын нығайтты

Қазақстан соңғы жеті жылда Орталық Азияда инвестиция тарту бойынша көшбасшылық позициясын нығайтты. Өткен жылы елімізге тартылған инвестиция көлемі 20 млрд доллардан асып, 14 пайызға өскен.

Бұл туралы германиялық Berlin Today басылымы жазды. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан шетелдік капитал үшін тартымды ел болып қала береді. Бұған табиғи ресурстармен қатар, дамыған экономика, қаржы институттары және бизнеске қолайлы жағдай ықпал етеді.

Александр Забоев, Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығының басшысы:

- Мемлекет шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдай жасап отыр. Маңызды факторлардың қатарында инвесторларды қорғау, бизнес жүргізуге қолайлы орта, дауларды шешу тетіктері және Халықаралық қаржы орталығын құру тәжірибесі бар.

Мақала авторлары Қазақстанның прагматикалық көпвекторлы сыртқы саясатын да атап өткен. Ел Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық одақпен сенімді диалог орнатқан. Бұл саясат шетелдік капитал тартуға және геосаяси тұрақсыздық жағдайында дербес бағыт ұстануға мүмкіндік береді.

Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Инвесторлардың қай елдерден келіп жатқанына қарасақ, өңірге қызығушылық өте жоғары екенін көреміз. Ресурстарымыз бен көлік-транзиттік әлеуетіміз инвесторлар үшін тартымды. Бұған еліміздегі тұрақтылық та ықпал етіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: