Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты

Фото: depositphotos.com

Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты. Олардың қатарында Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин, Мәдениет Омарбекова, Сәкен Абдолла және Аслан Түкиев бар, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын лауазымынан босату мәселесін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ таныстырды.

Оның айтуынша, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасы Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес Президент ұсынған Жоғарғы Сот судьяларын лауазымынан босатуға қатысты кандидатураларды талқылаған.

Нәтижесінде Марина Геннадиевна Боровикті, Нұржан Үсіпханұлы Қайыпжанды, Валерий Владимирович Ноздринді және Мәдениет Жаханқызы Омарбекованы орнынан түсуіне байланысты, Сәкен Абдолланы, Аслан Сұлтанұлы Түкиевті басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары лауазымынан босатуға болады деген қорытынды береміз, – деді Үнзила Шапақ.

Мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 10) тармақшасына сәйкес қаралды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: