Құрылтайда республикалық бюджет жобасы мақұлданды

Құрылтайда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды, деп хабарлайды 24KZ.

2027 жылы республикалық бюджеттің кірістері 19,9 трлн теңгені, ал шығыстары 30,2 трлн теңгені құрайды. Ел қазынасын толықтырудың негізгі көзі салық түсімдері болады. Үкімет өз кірістерінен бөлек, трансферттер түрінде тағы 5,5 трлн теңге алуды жоспарлап отыр. Базалық нұсқаға сәйкес 2027–2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің нақты орташа жылдық өсуі 5 пайыздан жоғары деңгейде болжанады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ оқыңыз: