Қазақстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту бағытын растады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті, деп хабарлайды «24KZ» ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Сондай-ақ оқыңыз: