Сарапшы: жаңа Конституция – демократиялық дамудың негізі

Қазақстан кейінгі жылдары дамудың даңғыл жолына түсті. 35 жылдық тәуелсіздік кезеңі – тарихы мен тамыры терең қазақ елінің қайта жаңғырып, қайта түлеген дәуірі. Түркиялық сарапшы, профессор Фырат Пурташ осындай пікірде, деп хабарлайды 24KZ.

Оның пайымынша, Қазақстанның тұрақтылықты сақтап, экономикалық әлеуетін арттыруы және халықаралық әріптестікті нығайтуы – жүйелі дамудың нәтижесі. Ал Конституцияға енгізілген өзгерістер елдегі демократиялық үдерісті тереңдетіп, халықтың басқару ісіне қатысуын кеңейтуге жол ашады. «Әсіресе, бір палаталы Құрылтай жүйесі азаматтық қоғамды нығайтады», – дейді. Сарапшы сондай-ақ Қазақстанның түркі әлемінде де жетекші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Фырат Пурташ, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы, профессор:

– Қазақстан түркі мемлекеттері арасында ғана емес, бұрынғы кеңестік елдер арасында да жоғары көрсеткішпен ерекшеленіп, өзгелерге үлгі болып отыр. Әлемнің біраз елінде болып жатқан қақтығыстар адам құқының қаншалықты жиі бұзылатынын көрсетті. Ал Қазақстанның конституциялық өзгерістер арқылы азаматтық қоғамды нығайтуы маңызды құқықтық негіз қалыптастырды.

Сондай-ақ оқыңыз: