Өскеменде тауар өндірушілерге қолдау мәселесі талқыланды
Азық-түлікті негізсіз қымбаттатуға жол бермеу керек. Құрылтай депутаттары Өскеменде өткен көшпелі жиында осы мәселені талқылады. Басқосуға өңірлік басқармалар мен министрлік өкілдері қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Жиында жергілікті өнімдермен өзін-өзі қамтуға қатысты да сауалдар көтерілді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында ара және балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Алайда кәсіпті кеңейтуге кедергі көп. Жер кодексінде омарташылыққа арналған арнайы жер қаралмаған. Балық өсірушілер де су қоймаларына жақын жерде цех сала алмай отыр. Себебі жағалау санитарлық қорғау аумағы саналады.
Наталья Годунова, ҚР Құрылтайының Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы:
– Біріншіден – бұл азық-түлік қауіпсіздігі, яғни елді сапалы тағаммен қамтамасыз ету. Екіншіден – азық-түлік өнімдерінің сапасы, демек, бұл халықтың, соның ішінде өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей қатысты мәселе. Үшіншіден – бұл тұтыну бағаларының индексі, себебі ол елдегі инфляция деңгейінің қалыптасуына әсер етеді.