Президент NVIDIA компаниясының басшысы Дженсен Хуанға алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында америкалық кәсіпкер Дженсен Хуанға арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды 24KZ.

Президент күні кеше Ақордада өткен кездесуде жасанды интеллект технологияларын Қазақстанда дамыту және оларды экономиканың түрлі салаларында пайдалану мәселелері талқыланғанын жеткізді. Әсіресе ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктеріне назар аударылды. Мемлекет басшысы NVIDIA басшысының Қазақстан үшін маңызды ұсыныстар айтқанын атап өтті.

«Дженсен Хуанға нәтижелі кездесу және Ақордада жасанды интеллектіні дамыту, оны Қазақстан экономикасында, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылағаны үшін алғыс айтамын. Бұл идеялар мен ұсыныстардың біз үшін практикалық маңызы зор», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз: