Мемлекет басшысы: Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз
Елімізде жаңа әуежайлар салынып, қолданыстағы нысандар жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты, деп хабарлайды «24KZ».
«Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.
Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.
Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз».