Президент QARMET жұмысына баға берді
Теміртауда трамвай қатынасын қалпына келтіру аса маңызды, деп хабарлайды 24KZ.
Президент «Qarmet» басшылығымен әңгімелесу барысында осылай деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілер шаһарында қайта жанданған көлік қозғалысы жүйесімен танысты. Бұл жұмыстарды жауапты компания екі жыл бұрын бастаған. Осы уақыт ішінде қоғамдық көлік 1 миллионнан астам жолаушы тасымалдап үлгерді. Жоба аясында 30 шақырым трамвай жолы жөнделіп, жаңартылды. Атқарылған игі іс бұл ғана емес, қалаға заманауи үлгідегі 8 вагон сатып алынды. Халыққа қолайлы болу үшін электронды төлем жүйесі де енгізілген. Мемлекет басшысы комбинат басшылығына Теміртауды абаттандыру мәселесіне де назар аударуды тапсырғанын атап өтті. Сөзінше, қалада оң өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, тұрғындар табиғи газбен қамтамасыз етіліп, еңбек ұжымының да көңіл күйі жақсарған.