Елде ирригациялық желілерді жаңғырту қарқын алады
Елімізде егістікке су жеткізетін 4,6 мың шақырымнан астам желі жаңғыртылып жатыр. Жыл соңына дейін оның 964 шақырымындағы жұмысты аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды «24KZ».
Қазірдің өзінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 200 мың гектарға жуық суармалы алқапқа су жеткізу жақсарған. Бұл туралы бүгін Құрылтайдағы комитет отырысында айтылды. Президент Жолдауында берілген суды үнемдеу, су нысандарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмалары талқыланды. Осы мақсатта халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен су нысандарын салу және жаңғырту жобалары іске асырылып жатыр. Оған Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі мен Дүниежүзілік банк қатысуда. Жиында ауыл шаруашылығына қатысты міндеттер де қаралды. Қатарында сүт кластерін дамыту тетіктері бар.
Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
– Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес СҚО тәжірибесін тарату шеңберінде заманауи сүт тауарлы фермалар құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін пайдалануға берілген фермалар жобалық қуаты 70 пайызға да жеткізу, келесі жылы толық қуатына шығу қамтамасыз ету көзделген. Келесі жылға жалпы қуаты 228 мың тонна болатын 21 сүт-тауарлы фермасы пулы қалыптастырылды.