Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жоспарын мақұлдады
Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды 24KZ.
Жоспар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 12 бағыты бойынша 96 іс-шараны қамтиды және жалпыхалықтық құрылыс жылын жүзеге асыру мен көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу көзделіп отыр. Бұған қоса кәсіпкерлікті дамыту, салық және қаржы жүйелерін жетілдіру, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мен әлеуметтік қолдауды күшейту, жалақыны көтеру және педагогтерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту тетіктері де енгізілді. Сәйкесінше, Премьер-министр әкімдіктерге аймақтардағы инфрақұрылымдық жобаларды сапалы жүзеге асыруды, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен су ресурстарын тиімді пайдалануды тапсырды.