Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді
5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла ресми сапармен келеді, деп хабарлайды 24KZ.
Жоғары деңгейдегі келіссөздерде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады. Мұны Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Сонымен қатар 5-7 қараша аралығында елге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапар жасайды. Мемлекет басшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту жолдарын қарастырады. Ал 6 қарашада Астанада бірқатар елдің көшбасшылары қатысатын Ақаба процесінің саммиті өтеді.