Құрылтайда қала маңындағы инфрақұрылымды дамыту ұсынылды
Құрылтай отырысында жаңа тұрғын үйлердің инфрақұрылымы көтерілді, деп хабарлайды 24KZ.
Депутат Юлия Кучинская депутаттық сауалында жаңадан бой көтерген шағын аудандарда мектеп, емхана, жолдар мен коммуналдық қызметтердің тапшылығына тоқталды. Қала маңындағы кептеліс тағы бар. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер, көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандардың жүктемесі артқан. Бұл мәселелерді шешу үшін депутат қала маңындағы инфрақұрылымды дамытып, университеттер, мемлекеттік органдар мен ауруханаларды шаһардан тыс аумаққа көшіруді ұсынды. Бұл қосымша жұмыс орындарын құрып, ірі қалалардың орталығына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.