Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті келеді
Бүгін Мемлекет басшысының шақыруымен елге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
Екі ел көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады. Жалпы арадағы ынтымақтастық бірқатар салада дамып жатыр. Жыл басынан бері Қазақстан мен Тәжікстанның тауар айналымы 1,15 миллиард АҚШ долларына жетті. Көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,5 пайыз артқан. Екі ел арасындағы экспорт пен импорт көлемі де өсті. Тәжікстан Қазақстанның сауда серіктестерінің бірі. Мемлекетімізден бұл елге ауыл шаруашылығы, өңделген шикізаттық өнімдер, ет, бидай және табиғи газ жөнелтіледі. Ал Тәжікстаннан көбіне кептірілген жеміс-жидек, кеңсе тауарлары және мырыш концентраты мен өңделмеген қорғасын импортталады.
ҚАЗАҚСТАН-ТӘЖІКСТАН
Тауар айналымы – $1,15 млрд
Экспорт – $1,07 млрд
Импорт – $0,08 млрд