Ауладағы тұрақ тәртібі өзгереді: өрт сөндірушілерге арнайы орын бөлінеді
Тұрғын үй ауласындағы бейберекет тұрақ енді өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Төтеншеліктер көлігіне бұдан былай арнайы орын белгіленеді, деп хабарлайды 24KZ.
Министрлік кіреберіс жолдарды ашық ұстаудың жаңа тәсілін ұсынып отыр. Ақпарларынша, әсіресе апат кезінде жолды жауып тұрған көлік адам өмірін құтқаруға айтарлықтай кедергі келтіреді. Тіпті өрт сөндірушілердің арнайы эвакуатор мен арбаларды пайдалануға мәжбүр болған кездері жиі кездесіпті. Ендігі жерде аталған мәселені заңнамалық деңгейде реттеу көзделіп отыр. Айта кетсек, өткен жылы тұрғын үй секторында 55 %-дан астам қызыл жалын тұтанған.