Президент ғылыми ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті
Тұрақсыз, бұлыңғыр заманда әлемдік университеттер қауымдастығы өздерінің салмақты пікірлері мен ұстанымдарын жеткізуі керек, деп хабарлайды 24KZ.
ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми ықпалдастықтың маңыздылығына тоқталды. Жаһандық ғылым жүйесінің көрнекті өкілдері, әлемге әйгілі ғалымдар мен білім саласының білікті мамандары шақырылған жиында халықаралық ғылыми ықпалдастық мәселесі жан-жақты талқыланып жатыр. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде ғылым-білімнің әлем өркениетіндегі орны айрықша.
«Біз елдеріміздің жарқын болашағы мен азаматтарымыздың сапалы тұрмысын қамтамасыз ету үшін әлем қауымдастығы болып, ғылым-білімдегі әр жетістігімізді саналы түрде кәдеге жаратуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.