Тоқаев: Биыл еліміздің ЖІӨ 398 миллиард доллар болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында еліміздің соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды «24KZ».
Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 398 миллиард доллар болады. Ал осыдан жеті жыл бұрын бұл көрсеткіш 181 миллиард доллардың шамасында болды.
2019 жылдан бері экономикамызға 155 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Еліміздің сыртқы сауда көлемі 150 миллиард долларға жуықтады.
Алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 44 пайызға ұлғайып, 129 миллиард доллардан асты, – деді Мемлекет басшысы.