Бас прокуратура өкілдері студенттермен пікір алмасты
Елордада Бас прокуратура өкілдері Нәрікбаев университетінің студенттерімен Халықтық Конституцияның жаңа нормалары жайында пікір алмасты, деп хабарлайды 24KZ.
Ғылыми форум қадағалау органының 35 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, сала ардагерлері, ғалымдар, Құрылтай депутаттары және жастар қатысып, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын талқылады. Прокурорлық қызметті жетілдіру, құқық бұзушылықтардың алдын алудың заманауи тәсілдері жайында өз ойларын ортаға салды.
Әділет Мұсабай, Астана қаласы Прокуратурасының кадрлық жұмыс басқармасының бастығы:
– Заң үстемдігі мен тәртібін қамтамасыз ету аясында жүргізіліп жатыр. Мақсұт Нәрікбаев университеті және Астана бас прокуратурасының ұйымдастыруымен аталған іс-шараның ең басты құндылығы, мақсаты – ол прокуратура органдарының қоғамдағы рөлі, заң мен тәртіп, адал азамат қағидатының негізінде жасалып жатқан жұмыстардың қорытындысы. Одан бөлек, бәрімізге белгілі, биыл қабылданған жаңа халықтық конституциямыздың үстемдігі мен артықшылықтарын түсіндіру.
Мансұр Тілектес, 3-курс студенті:
– Түрлі қылмыстардың алдын алу, жаңағы айтып отқандай, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – бұл біз үшін құқық қорғау органдары және де біз бұйыртса кадр боламыз ғой. Осы мамандыққа жұмыс істеу үшін студентпіз қазіргі таңда. Бұл біз үшін өте маңызды және ең маңызды тақырыптардың бірі болып табылады және де оны зерттеу біздің міндетіміз.