Мәслихат сайлауы: сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға қатысушылардың белсенділігі артып келеді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республикадағы сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берді.

Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде сайлаушылардың 69,84 пайызы өз таңдауын жасады. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 68,03 пайыз болса, Қызылорда облысында 67,36 пайызға жетті. Ал ең төмен белсенділік Алматы қаласында байқалады. Мұнда сайлаушылардың 33,73 пайызы дауыс берді. Астанада сайлаушылардың 39,91, Шымкентте 40,23 пайызы учаскелерге барған.

Сондай-ақ оқыңыз: