Құрылыс жобасы. Жаңа астаналық әуежай құрылысының қарқыны

Қазақстанда жаңа авиациялық хаб құру бүгінде арман емес. Белгіленген нақты жоспар бойынша бүгінде құрылыс жүріп жатыр. Жаңа нысан Астананың халықаралық әуежай терминалының маңынан орын алады. Мердігерлердің айтуынша құрылыс жұмыстары 2017 жылдың I-тоқсанында аяқталуы тиіс. Онда сағатына 2,5 мыңға жуық адамға немесе жылына 5 млн жолаушыға қызмет көрсетіледі.