387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін сарашылар талқылауға кірісті

  • 786
  • UPD: 21:07, 12.01.2017

Елбасының Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру өкімін отандық сарашылар жан-жақты талқылауға кірісті.

Өзгерістер негізінен экономика, қаржы салаларын қамтиды, - дейді мамандар. Жалпы бұл ұсыныстың айтылғанына біраз болды. Ол еліміздің әрі қарай дамуы үшін қажет үлкен қадам. Аталмыш жұмыс тобын Президент Әкімшілігінің Басшысы басқарады. Оның құрамына Парламент, Үкімет, Жоғарғы Сот және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер мен ғалымдар кіруі мүмкін.

Дархан Кәлетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Адамдар түсінуі керек құзіретті бөлінген кезде жауапкершілікте бөлінеді. Әрине Елбасы дайын құзіретті Парламентке, Үкіметке бөлу жағынан. Бірақ сол Үкіметте, Параламентте отырған азаматтар дайын ба, халықтың өзі дайынба деген болжамдар, сұрақтар туындауда.

Хабар 24 телеарнасы