384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтпақ

  • 947
  • UPD: 12:27, 20.01.2017

Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтпақ.

Берлинде Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері неміс бизнесмендерімен агроөнеркəсіп саласындағы жобаларды талқылады. Кездесу барысында Қазақстанға келген шетелдік компанияларды қолдауға бағытталған тиімді шаралар баяндалды. Неміс кəсіпкерлері қазақ еліне инвестиция құюға әзір. Оларды еліміздегі саяси жəне экономикалық тұрақтылық пен инвесторларға жасалған жеңілдіктер қызықтырады. Сондай-ақ олардың айтуынша, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы Германия кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік.

Асқар Наметов, ҚР АШМ Ұлттық аграрлық ғылыми орталығының төрағасы:

- Бүгінгі форумда байқағанымыз, Германиядағы бизнесмендердің Қазақстанға қызығушылықпен қарағандары бізге айқын анық болып, көздерімізге түсті. Себебі қазір Қазақстанның мүмкіндіктері, өзінің тұрған жеріндегі, орналасқан мүмкіндіктері, жерінің, ресурстардың мүмкіндіктері көп екендігі, потенциалы бар екендігі оларға айқын көрініп тұр. Енді соны қолданып әрі қарайда бизнесің көтеру үшін олар осы Орта Азияның ішінде Қазақстанның нағыз саясат жағынан да, социалды, экономика жағынан да, инвестицияны сақтау жағынан да мүмкіндіктері бар екендігіне көздері жетті деп ойлаймыз. Сондықтан олар калай кіреміз, қандай бизнеске кіреміз деген мәселелері бүгін көтеріліп, соның жолын таптық деп ойлаймыз

Хабар 24 телеарнасы