379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ Африка елдерінің аккредиттелген елшілеріне арналған брифинг өткізді

  • 901

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Мәскеуде Африка мемлекеттерінің аккредиттелген елшілеріне арналған брифинг өткізді.

Кездесу барысында биыл Астанада өтетін алғашқы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар саммитіне дайындық барысы талқыланды. Саммит қорытындысы бойынша коммюнике және Астана декларациясы қабылданатын болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың инновация мен жаңғыртулар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған саммитті өткізу бастамасы Ислам ынтымақтастық ұйымы елдерінің тарапына  бірауыздан қолдау тапты. Ислам әлемі қазір күрделі кезеңді бастан кешіп отыр. Құрлықта терроризм мен экстремизмнің өршуі Африка елдеріндегі әлеуметтік жағдайдың нашарлауына әкеліп соқты. Сондықтан да Африка елдері Саммит аясында талқыланатын азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне ерекше мән береді.

Айта кеткен жөн, Ислам ынтымақтастығы ұйымына жалпы халық саны 1 жарым млрд-қа жуық 57 ел мүше.

Мохамед Али Камиль, РФ Джибутидің Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстанның бастамаларын, атап айтқанда биыл қыркүйек айында Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитін өткізу өте маңызды шара деп есептейміз және оны қолдаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігі біз үшін өзекті мәселенің бірі. Себебі қазіргі таңда аштықтан зардап шегіп жүрген балалар көп. Ислам Уммасы өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарлы. Ол үшін тиісті іс-шараны үйлестіріп, ұйымдастыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы