384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік сарапшы: Реформа – тұрақтылық кепілі

  • 462
  • UPD: 22:25, 26.01.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Қазақстан азаматтарына үндеуіне алыс жақын шетелдегі сарапшылар да баға беріп жатыр.

Қытай қоғамдық ғылым Академиясы жанындағы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының ғылыми қызметкері Чжао Хуэйжун Қазақстан басшысының бұл бастамасын батылдыққа балап отыр. Оның айтуынша, бұл қадам Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері саяси маңызы зор шешімнің бірі.

Чжао Хуэйжун, РФ, ШЕ және ОА зерттеу институты сарапшысы:

- Бұл жолғы Президенттің үндеуін маңызды деп есептеймін. 2007 жылы да Н.Назарбаев президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшіру туралы айтқан болатын. Өйткені мұндай саяси реформа – ұзақ уақыт жүретін процесс. Меніңше, бұл реформа билік өкілеттілігін Президент, Парламент және Үкімет арасында оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар елдің саяси құрлымын тұрақтандыруға да ықпал етеді. Ал мемлекетте тұрақтылық болса, xалық тыныш өмір сүре алады. Мұның барлығы экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Бұл шешім көрші елдер тарапынан да қолдауға ие болады деп ойлаймын. Халықаралық саяси жағдай құбылып тұрған аумалы төкпелі кезеңінде Қазақстанның батыл қимыл жасап, елде реформа жасауын батылдыққа балаймын.

Хабар 24 телеарнасы