386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Бүгінде Парламент пен Үкімет дербес жұмыс істеуге қабілетті

  • 556
  • UPD: 20:50, 30.01.2017

Қазақстан халық Ассамблеясының ғылыми сарапшылық тобы Мемлекет басшысының билік тармақтарының өкілеттіктерін, қайта бөлуге қатысты ұсынысын қолдайды.

Әрі ғылыми-сарапшылық кеңестің арнайы кездесуінде бірқатар ұсыныс әзірленді. Кеңес мүшелерінің пікірінше, бүгінде Парламент пен Үкімет дербес жұмыс істеуге қабілетті.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстанның 25 жылдан кейінгі деңгейі әлемдік стандарттар бойынша билік тармақтарын өз жөнімен бөліп беруге қазір келіп тұр. Қазіргі Үкіметті дербес жұмыс істеуге қабілетті деп санаймыз. Қазіргі Парламент те өзіне тиісті жауапкершілікті алып, шешімдер қабылдауға, Үкімет жұмысын бақылауға қабілетті деп санаймыз. Осындай мәселе пісіп-жетілген кезде Президент ел халқына осындай үндеу арнап отыр.

Айгүл Сәдуақасова, Орталық Азия төңірегіндегі этносаралық және конфессияаралық зерттеу орталығының жетекшісі:

- Қазақстан халық Ассамблеясының ғылыми сарапшылық тобы бүгінгі өзінің отырысын өткізіп жатыр. Соның ішінде жалпы халықтың мүддесі, біздің қоғам көп этносты, көпконфессионалды дейміз, ең басты қағидатымыз, егемен Қазақстанның ұстанғаны – ел бірлігі. Елдің тұтастығы. Міне, осы бір мақсатта қандай өзгерістер енуі керек. Бүгінгі отырыстың нәтижесінде нақты ұсынысты, ой-пікірді талқылап, міндетті түрде жұмыс тобына жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы