386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде Астана процесі нәтижелері және дағдарысты реттеу мүмкіндігі талқыланды

  • 376
  • UPD: 20:51, 30.01.2017

Шығыстанушылар Мәскеуде Сириядағы қақтығыс сарапшылары және Ресей саясаткерлерімен бірлесе Астана процесі нәтижелерін және дағдарысты реттеу мүмкіндігін талқылады.

Сарапшылардың айтуынша, Астанадағы кездесу Сирия үкіметі мен оппозициялық топтар арасында одан әрі келіссөздер жүргізу үшін жаңа негіз қалады. Астана Сирия оппозициясы арасындағы диалогты енді Женева аясында жетілдіре түспек.

Андрей Бакланов, Федерация кеңесінің төрағасының орынбасары кеңесшісі:

- Астананың басты жетістігі, атысты тоқтату режимін бақылайтын үшжақты тетігі бар құрылғы жасау болып табылады. Саяси тұрғыдан алсақ, бұл механизм жұмыс істейтін болса, Сириядағы жағдайды реттеуге көмектесер еді.

Владимир Сажин, шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері:

- Қателеспесем, Сирия келіссөздері 2012 жылдан бері түрлі форматтарда жүріп жатыр. Алғаш рет оппозиция жағынан, соғыста жүрген, қолдарына қару ұстаған азаматтар тікелей қатысты. Бұл да оң нәтиже болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы