376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев: Макроэкономикалық саясат жаңғыртуды қажет етеді

  • 1825
  • UPD: 22:43, 30.01.2017

Еліміз жаңғырудың 3-ші кезеңіне бағыт алып отыр.

Яғни сандық технологияға негізделген келешегі зор салаларға басымдық берілмек. Жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына қатысты мәлімдемесінде Елбасы осылай деді. Президент бірінші кезекте агроөнеркәсіп кешені мен транспорт, логистикаға басымдық берілетінін атап өтті. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту маңызды екенін айтып, бизнес ахуалды одан әрі кеңейту керектігін тілге тиек етті. Ол үшін мемлекеттің экономикаға араласуын азайтып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті өркендетуге басымдық берілмек. Үй нарығын дамыту да басты назарда. Әдеттегідей білім беру, денсаулық сақтау халықты әлеуметтік қорғау басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл мақсаттар ертең ақпарат құралдарында жарияланатын Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрініс таппақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен 2 жаңғыруды іске асырдық. Алдымен нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз. Ертең, қаңтардың 31-інде менің халыққа жолдауым ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Басты тақырып «Қазақстанның 3-ші жаңғыруы» деп аталады. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуі тиіс.

«Макроэкономикалық саясат жаңғыртуды қажет етеді». Осылай деген Мемлекет басшысы Үкіметке жаңғырудың 3-ші кезеңі бойынша 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы деп аталатын құжат жаһандық сын-қатерлерге жауап беруі тиіс. Бұл ретте Елбасы Үкімет жүйелі жұмыс жасау керектігін ескертті.  

Хабар 24 телеарнасы