383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөз сөйледі

  • 641
  • UPD: 21:02, 19.02.2017

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда баяндама жасады.

Сенат төрағасы өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретінде алға қойған мақсаттарына тоқталды. Ол біздің елдің бұл қызметте мән беретін басты мәселесі ядролық қаруды таратпау екенін жеткізді. Сондай-ақ әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу жолында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған реформасы ерекше маңызды екенін атап өтті. Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 700-ден астам делегат атысты. Олардың арасында 30 мемлекет және үкімет басшысы, 80 сыртқы істер және қорғаныс министрі бар. Бүгін – конференцияның соңғы күні.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Біз әлемдегі беделді ұйым БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Қазір бізді 40 тонна ядролық материалдың лаңкестердің қолына түсіп кету қаупі алаңдатады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, егер ядролық материал, тіпті жойқын қару «Боко Харам» сияқты экстремистік топтың қолына түссе не болады?! Онда әлемдік жүйенің тас-талқаны шығады. Сондықтан ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің басымдығымыз болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы