389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

  • 617
  • UPD: 12:59, 07.03.2017

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды.

Үкімет басшысы онда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысады. Маңызы зор шара қарсаңында Бақытжан Сағынтаев қырғызстандық әріптесі Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Басқосу барысында сауда, кеден, логистика және энергетика салаларына қатысты мәселелер талқыға салынды. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Премьер-Министрлері және Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы