386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК Альберт Рауды Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді

  • 701
  • UPD: 16:40, 13.03.2017
ҚР ОСК Альберт Рауды Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді Today.kz

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы өзінің отырысында «Нұр Отан» партиясының мүшесі Альберт Павлович Рауды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеу туралы шешім қабылдады. 

ҚР ОСК шешімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде қабылданды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Альберт Рауға ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы