386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына үміткерлерді тіркеу аяқталды

  • 416
  • UPD: 20:33, 13.03.2017

Елімізде мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына үміткерлерді тіркеу аяқталды.

Қазір олар кешенді үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кеткен. Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті әкімдіктер саяси науқан кезінде үміткерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеп, қажетті жабдықпен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, әрқайсысы мемлекет тарапынан бөлінетін 153 мың теңгеге дейінгі қаржыға ие болады. Айта кетейік, саяси науқан 26 наурызда еліміз бойынша 58 сайлау округінде өтеді.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Барлық кандидаттарға тең жағдайларға кепілдік берілді. Атап айтқанда, мемлекет кандидаттарға телевизиядан 15 минут сөз сөйлеуге, радиодан 10 минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауына кепілдік береді.

Сондай-ақ, бүгін Орталық сайлау комиссиясында «Нұр Отан» партиясы тарапынан ұсынылған Альберт Рауды Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды. Инвестициялар және даму министрінің бұрынғы бірінші орынбасарына бұдан біршама уақыт бұрын дүние салған Сергей Дьяченконың мандаты берілді. Осылайша, түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметтерді абыройлы атқарған 57 жастағы Альберт Рау еңбек жолын заң шығарушы органда жалғастыратын болды. 

Хабар 24 телеарнасы