384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан келіссөздердің жемісті өтуіне бар күш-жігерін салып жатыр

  • 527
  • UPD: 12:21, 17.03.2017

«Астана процесі Қазақстанға дипломатиялық табыс әкеліп, сенімді бітімгерші рөлін нығайтты», - дейді Британ-қазақ қоғамының патроны, халықаралық сараптамалық First журналының басшысы Руперт Гудман.

Оның пайымдауынша, Қазақстан келіссөздердің жемісті өтуіне бар күш-жігерін салып жатыр.

Руперт Гудман, Британ-Қазақ қоғамының патроны:

- Қазақстан өзіне тән көпвекторлы саясатына сүйене отырып, делдал бола алды және әртүрлі ұлттардың басын қоса білді. Бұл тұрғыда елдеріңіз Орталық Азия мемлекеттері арасында ерекше мемлекет екендігін тағы бір дәлелдеді және Астаналық процестің нәтижесін күтпестен оны табысты деп бағалау керек. Өйткені қарсылас топтардың басын біріктірдіңіздер. Осындай дипломатиялық қадамға барғаны үшін Қазақстан басшысына алғыс айту керек. Мұндай мәселелер тек келіссөздер арқылы шешілетіні белгілі. Қазақстанның көксегені де сол. Астана процесі бұл мәселені шеше алатындығы сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы