389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бюджет қаржысын жарата алмаған министрлер мен әкімдер жауапқа тартылады

  • 554
  • UPD: 20:38, 30.03.2017

Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсағаны немесе мүлдем игермегені үшін министрлер мен әкімдер жауапқа тартылуы мүмкін.

Парламент депутаттары бюджет заңнамасын жетілдіру туралы заңға осындай толықтырулар енгізуді ұсынып отыр. «Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза тағайындалсын», - дейді мәжілісмен Омархан Өксікбаев. Алайда жауапты органдардың өкілдері бұл ұсыныспен келіспейді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Жаза Үкімет басшысының өзінің құқығына сәйкес. Ол қызметінен де босатуы мүмкін, сөгіс беруі де мүмкін. Ол өзінің қолындағы құқық. Әлі күнге дейін бірде-бір министрліктің басшысы немесе облыстың әкімі қаржыны тиімді пайдаланбағаны үшін немесе уақытылы пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылған жоқ.

Мадина Әбілқасымова, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Бұл тым қатаң жаза. Бүгінде елімізде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүріп жатқанын білесіздер. Нысаналы индикаторларды орындамағаны үшін қылмыстық жазаға тарту ақылға қонымсыз.

Хабар 24 телеарнасы