387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәрім Мәсімов Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрі бастаған делегациямен жүздесті

  • 633
  • UPD: 21:53, 07.04.2017

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Шанхай Ынтымақтастық ұйымы елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-кездесуіне келген Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь бастаған делегациямен жүздесті.

Тараптар терроризмге қарсы есірткі бизнесімен күрес, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын талқылап, арнаулы қызметтердің қарым-қатынасын кеңейту мәселесін сөз етті.

Кездесуде Шанхай Ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде сепаратизм және экстремизмнің жолын кесу саласындағы бірлескен іс-шараларды нығайту келісілді.

Хабар 24 телеарнасы