385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британиялық жазушы Джонатан Айткенге «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі табысталды

  • 566
  • UPD: 18:04, 09.04.2017

Лондонда британиялық жазушы әрі мемлекет қайраткері Джонатан Айткенге «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі табысталды.

Айткен «Назарбаев және Қазақстан жасампаздығы» және «Қазақстан: 20 жыл тәуелсіздіктен кейінгі қалып және тосын сыйлар» атты кітаптардың авторы. Қаламгер кезінде британиялық Парламент пен үкіметтің мүшесі де болған. Сондай-ақ Айткен АҚШ-тың бұрынғы президенті Ричард Никсон мен Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Маргарет Тэтчерлердің өмірбаянын жазған.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов медальді табыс ете отырып, Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілеп, халықаралық имиджін арттыруға қосқан сүбелі үлесі үшін Айткенге алғыс айтты. Елші сонымен қатар Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері халықаралық сарапшылар қауымдастығы тарапынан ерекше мойындалуы Айткеннің еңбектерінде айқын көрініс тапқанын атап өтті. Джонатан Айткен өз кезегінде жоғары марапат үшін ризалық білдірді. Сондай-ақ халықаралық қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның зор жетістіктері мен оның көшбасшысы жайлы және еліміздің басты халықаралық бастамалары туралы жеткізу үлкен абырой екенін жеткізді.

Джонатан Айткен, Ұлыбританияның қоғам қайраткері:

- Мен Қазақстанға бірнеше рет саяхаттап бардым. Негізінен сапарымның көп бөлігі жазушылық мақсатта болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын батыс жазушылары арасында бірінші болып жазғанымды мақтан тұтамын. Осы әдебиет арқылы Батыс халқы қазақ елінің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы біле алды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы