389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының марафоны биыл Астанада өтеді

  • 416
  • UPD: 19:07, 13.04.2017

Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Рашид Алимовтың ұйымның Іскерлік кеңесінің төрағасы Райымбек Баталовпен кездесуінде белгілі болды.

Сонымен қатар, ШЫҰ-ына мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері мен банкирлері елордада ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында келелі кеңес өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар Шанхай ұйымындағы елдердің іскерлік және қаржылық топтары арасында тығыз байланыс орнату жөнінде пікір алысты. Райымбек Баталов шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әкімшілік кедергілерді шешу жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Оның айтуынша, Астанада банкаралық бірлестік пен Іскерлік кеңестің бірлескен отырысы жоспарланған.

Райымбек Баталов, ШЫҰ Іскерлік Кеңесінің төрағасы:

- Бұған қоса, ШЫҰ экономикалық форумы сияқты сұрақтарды талқыладық. Іскерлік Кеңес қашан да Бас хатшының ұсыныстарын белсенді түрде қолдайды. Біз жақында оның барлығы жүзеге асада деп сенеміз. Әлеуметтік жобалар жөнінде де әңгімелестік. ШЫҰ марафоны Астана қаласында тамыздың 27-і өтеді, оған мыңдаған адам қатысады. Бұндай шаралардың мәні мен маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы