389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ның кезекті саммитінде бірқатар маңызды құжат қабылданады

  • 358
  • UPD: 16:21, 21.04.2017

Оған мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бүгін Астанада өткен кеңесінде ауқымды жиынға әзірлікті пысықтады.

Атап өтсек, Үндістан мен Пәкістанның ұйымға қабылдану рәсімі аяқталғаны айтылды. Бұл елдер енді маусым айында толыққанды мүше атануы мүмкін. Яғни, ШЫҰ мемлекет басшыларының елордада өтетін жиыны осы және өзге де маңызды мәселелерді арқау етеді. «Оған қоса лаңкестікке қарсы күрес туралы бірлескен мәлімдеме жасалады», - дейді еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Сондай-ақ, кеңесте күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. Мәселен, ұйымға Иранның қосылу мүмкіндігі, мүше мемлекеттердің үлес жарнасы және туризм саласындағы ынтымақтастығы кеңінен әңгімеленді. 

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бұл мәселелердің көбісі ШЫҰ саммитінде қабылданатын Астана декларациясында көрініс табады. Бүгінгі жиында біз саммиттің күн тәртібін және қол қойылатын өзге де құжаттар жобаларын да қарастырып, келістік. Олардың арасында Үндістан мен Пәкістанның ұйым мүшелігіне қабылдану рәсімінің аяқталуы және мүше мемлекеттің мәртебесін беру туралы шешім маңызды құжаттардың бірі болмақшы.

Хабар 24 телеарнасы